Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордалық имамдарға сертификат табысталды (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 12.04.2018 3280 0 пікір
Қызылордалық имамдарға сертификат табысталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала және аудан имамдарының білімін жетілдіру семинары жоғары деңгейде өткізіліп, нәтижесінде қатысушыларға өкілдік тарапынан дайындалған сертификат табысталды.

Cеминардың соңғы күнінде «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі»  тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, ОІІД-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, АТТ мүшесі Е.Тұрахметов, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Н.Алтынбеков, облыстық  дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері және «Жәрімбет» мешітінің бас имамы Ә.Ақбаев өзекті мәселелер бойынша баяндамалар оқып, имамдардың сұрақтарына жауап берді.

Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам Тв» телеарналары мен «Сыр бойы» газетіне берген сұхбатында семинардың басты мақсатын атап өтіп:

«Имам – исламның айнасы һәм жауапты тұлға. Қазіргі қоғамға қажетті білімді де білікті имамдар дайындау - басты міндетіміз»-деп, аталмыш жобаның тиімділігі мен пайдасы көп екенін түсіндіріп, жалғасын табатынын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру