Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 11.04.2018 2841 0 пікір
Ақтөбеде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды

Ақтөбеде жуырда іске қосылған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы түсіндіру жұмыстарына РАНТ мүшелері жұмылдырылды. Осыған орай, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов топ құрамына қосылып, кеше Ақтөбеде қаласында бірқатар кездесулер өткізді.

Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы облыс орталығынан салынатын «Ақтөбе медресесі» колледжінің жаңа ғимаратының құрылыс жобасымен танысып, оңды бастаманың сәтті жүзеге асуына тілектестігін жеткізді. Сонымен қатар, медресе шәкірттерімен, ұстаздарымен сұхбаттасып, пікір алмасты. Оларға білім үйренудің пайдасы мен артықшылығы туралы айтып, бүгінде білікті кадр даярлау, діни қызмет сапасын жетілдірудің – діни басқарманың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі екендігін атап кетті.

Кешкілік ақшам намазынан кейін Сансызбай Шоқанов «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ақтөбелік жамағатпен жүздесіп, «Адамдар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тұшымды уағыз-насихат айтты. Жамағат тұтастығын сақтау, әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсінісіп, бейбіт мәміле жасауы турасында айтып, ислам тарихынан тамаша мысалдар келтірді. Сұхбатқа 300-ге жуық жамағат қатысты.

Бүгін Темір ауданында жалғасын тапқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жұма күніне дейін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, топ құрамында РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлымен қатар «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Оралхан Сейдманов та бар.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру