Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.04.2018 3314 0 пікір
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді

Апат айтып келмейді, демекші облысымыздың бір шама аймақтарында су тасқыны жүріп халықымыз баспаналарынан айырылып қатты қиналып қалды. Бұл сынаққа біздер сабырлық қылып бір-бірімізге барынша жәрдемдесуіміз қажет.

«Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады».

Қиын қыстау кезеңде бірімізге біріміз қарайласу әр мұсылманнаң міндеті әрі сауапты іс.

Ел басына күн туған кезде еліміздің әр аймағынан апаттан зардап шеккендерге көмек келіп жатыр. Қаламыздағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға келген гуманитарлық көмектің таратылуын ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының   бастамасымен Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторы» өз мойынына алған болатын. Жуырда Нахаловка кентіндегі Төкеш мешіт маңында бір апта бойы апаттан зардап шеккен отбасылар мен көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар, жалпы алғанда 200 астам отбасы  киім-кешекпен қамтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру