Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда VII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 10.04.2018 3310 0 пікір
Павлодарда VII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

Бүгін Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның Құран Кәрімді жатқа және мәнерлер оқу бойынша VII Республикалық Құран жарысына Павлодар облысы бойынша іріктеу сайысы жүргізілді. Сайысқа барлық қала, аудан мешіттері атынан 25 үміткер үкіленіп қосылды. Сайысты өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ашып, қатысушыларға қысқа ақыл-кеңестер бере келе, оларға табыс тіледі. Келесі кезекте қатысушыларды арнайы бекітілген әділқазылар алқасы сарапқа салды.

Қазылар алқасының шешімімен осы айда өтетін VII Республикалық Құран жарысына Павлодар облысының атынан 20 пара бойынша Жамшыбай Абдулкарим, 10 пара бойынша Рысбек Әділет қатысады. Ал мәнерлеп оқу номинациясы бойынша қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің шәкірті Амралинов Ержан сайыста облыс намысын қорғайтын болады деп шешті.  

Облыстық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге сертификат табыстап, алғысын білдірген өкіл имам Жолдас Қоспақұлы оларға алда болатын Республикалық сайыста жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкіл имамның «Марапат хатымен» марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру