ҚР Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев және ОҚО өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев «Сарыағаш» медресе колледжіне арнайы іс-сапармен келді. Kелген қонақтар ең алдымен, марқұм ұстазымыз Абсаттар Смановтың бейітінің басына барып Құран оқып, дұға бағыштады.
Балғабек Мырзаев аудиторияларды аралап, медресенің жабдықтарымен танысты. Студенттердің жағдайын білісіп, олармен сұхбаттасты. Оларға заман талаптарына сай жан-жақты білім алу керектігін жеткізді. Жан-жақты тақырыптар қозғап, бірен-саран сұрақтар қойып балалардың білімдерін тексеріп өтті.
Сондай-ақ, колледждің биология пәнінің мұғалимасы Молдабергенова Нурипа апайға колледжіміздің барлық қабаттары мен сыныптарын гүлдермен көмкергені үшін арнайы алғысын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
10.04.2018
3994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру