Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам Үшқоңыр медресе-колледжінде

Орал облыстық орталық мешiтiнің баспасөз қызметі 10.04.2018 4182 0 пікір
Бас имам Үшқоңыр медресе-колледжінде

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы  «Үшқоңыр» медресе-колледжіне арнайы барып,  рухани білім ордасының директоры Абзал Әміровпен кездесті.  А.Әміров Білім ордасындағы ілім алып жатқан шәкірттерге арнайы келген қонақтарды таныстырып, Еркебұлан Ыбырайымұлы «Білім» жайында уағыз айтты.

Одан кейін бас имам медресе-колледждің кітапханасында Батыс өңірінен келген шәкірттермен еркін сұхбаттасып, сауалдарына жауап беріп, жүректеріне нұр, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Кездесуде шәкірттер сөз алып, іздеп келгеніне ризашылықтарын білдірді.  

Еркебұлан Ыбырайымұлы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздарымен де кездесіп, колледждің тұрмыс тіршілігі мен танысып оқу сыныптары мен жатақхананы аралады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру