ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, өкілдіктің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық имамдардың білімін жетілдіру бойынша үш күндік семинар басталды.
Жан-жақты қамтылған семинар жоспарына сәйкес, облыстағы білікті мамандар: Б.Убаев, Д.Құрманбаев, Ә.Ақбаев, Б.Сүлейменов, М.Абжалелов, Қ.Отызбаев, П.Шарапатова және облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерінің қатысуымен:
Ханафи мазхабының намаз тарауындағы дәлелдері, дағуат мәселелері, муташабих аяттар мен хадистерді түсіну тәсілдері, жаназа және жерлеу рәсімдері, Құран сабағы, БАҚ пен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, мақала жазу әдісі, т.б. бағыттары бойынша өткізілетін сабақтар басталып кетті.
Семинар соныңда, қатысушыларға өкіл имам атынан тағайындалған сертификат табысаталатын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
10.04.2018
3436
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру