Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Астана» медресесінің шәкірттері жақында ғана «III республикалық медресеаралық олимпиядаға» қатысып, жүлделі орындармен оралған еді. Шәкірттер «Құран», «Фиқһ», «Араб тілі» пәндері бойынша білім сайысына түскен болатын. Нәтижесінде, медресенің ІІІ курс студенттері Талғат Қайырғалиев пен Мәулен Нұркенұлы «Құран» және «Араб тілі» пәні бойынша І орынды иеленсе, ІІ курс студенті Бағдаулет Байдоллаұлы «Араб тілі» пәні бойынша ІІІ орыннан көрінген еді.
Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов «Астана» медресесінің олимпиядаға қатысушы шәкірттерімен жүздесіп, Өкілдік тарапынан арнайы алғыс хаттар табыс етіп, қаржылай сый-сияпат көрсетті.
Шәкірттердің жетістіктерімен құттықтап, білімнің шет-шегі жоғын еске салған өкіл имам болашақ дін мамандарының алдағы білім жолдарына сәттілік тіледі.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
09.04.2018
3891
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру