Өткен аптада Ақтөбеде «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы бесінші рет қайта іске қосылды. 2-7 сәуір аралығында «Діни мәселелер және ауқымды түсіндіру жұмыстары» тобы Мұғалжар ауданында жұмыс жасады. Топ құрамына 19 облыстық маман және 2 РАНТ мүшесі жұмылдырылды. Ауданға қарасты қала және ауылдық округтерде, мекемелер мен білім беру ұйымдарында, Мәдениет үйі, ауруханалар, мешіттерде кездесулер өткізіліп, семинар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
Өкіл имам Төлеби Оспан Ембі қалалық «Нұр» мешітінде кешкі құптан намазында уахабилік ағымның шығу тарихы жөнінде арнайы семинар өткізді. Жат ағымның пайда болу себептерін, сенім мәселесіндегі қателіктері жайлы баяндап, дәстүрлі дінге қайшы тұстарын атап өтті. Семинарда 30-ға жуық тыңдаушы қамтылды.
Сонымен қатар, жобасы аясында өкіл имам Төлеби Оспан қала, ауыл молдары және мешіт алқасы мүшелерімен 2 мәрте кездесіп, сұхбаттасты. Өкіл имам Төлеби Дәділұлы молдаларға діни басқарма ұйымдастыратын білімді жетілдіру курстарына қатысу мүмкіндігі бар екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, бүгінде «Ақтөбе медресесі» колледжінде ауыл молдаларын дайындайтын курс өтіп жатқандығын және онда 12 үміткер қабылданғандығын атап кетті.
Діни басқарманың қолдауымен, топ құрамына қосылған РАНТ мүшелерінің бірі «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай Ембі қаласында, ал Қарағанды облыстық "Əнет баба" мешітінің ұстазы, теолог Нұрбол Тағаев Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұрын ауылдық округінде «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов, дінтанушы Әли Жұбанышев және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының директоры Жандәулет Сүлейменов түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесуге 150-ге жуық адам қамтылып, шара соңында «Қара жол» фильмі көрсетілді.
Қандыағаш қаласында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов, Мұғалжар ауданының бас имамы Ерболат Жүсіпов және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Мақсат Алиев бірнеше тақырыпта баяндама оқыды. Кездесуге теміржол мекемелерінің 58 қызметкері қатысып, мәлімет алды.
Жалпы, Мұғалжар ауданындағы 5 күннің қорытындысы бойынша 102 шара ұйымдастырылып, 6 мыңнан аса адам қамтылды.
Бүгін түсіндіру тобы Темір ауданында жұмысын бастады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
09.04.2018
3483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру