Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай 7-8 сәуір күні мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа облыс бойынша 20 мешіттің командалары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Салуатты өмір салтын насихаттайтын шараның негізгі мақсаты дінімізді, мәзһабымызды дұрыс жеткізе білу. Жастармызды әртүрлі теріс ағымдардан алыс болуға және жастармызды ауызбіршілікте, ынтымақта жүруді қалыптастыру. Қазіргі дін мәселесі төңірегінде орын алып жатқан келеңсіз жайттардан дінге үрке қарайтындарға әрі жаңадан имандылыққа бет бұрған жастарға дініміздің құндылығын көрсету әрі дәріптеу үшін әрі ислам дінін таяз түсінуден алыс жүруге тек мешіт имамдары ғана емес, сонымен қатар мешіт жамағаттары да аталысу керек деген ұстаныммен Жаңаөзен қаласы мешіттерінің жастарының ұйымдастырумен өткен дүбірлі шара болды.
Ойын Жаңаөзен қаласындағы «Энергетик» спорт кешенінде екі күнге созылды. Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттер мен мешіт жастарының ұйымдастыруымен өткен ойында үздік командалар анықталды. Жарыс қортындысы бойынша:
I – Орын Қызылсай ауылдық мешіті
II – Орын Маңғыстау аудандық мешіті
III – Орын Жаңаөзен қалалық мешіті иемденді.
Жарыс жүлдесіне кубоктар мен қаржылай сыйлықтар тігіліп, әртүрлі номинацияларда алғыс хаттар табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
09.04.2018
4022
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру