Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүректен жүрекке»

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 09.04.2018 3835 0 пікір
«Жүректен жүрекке»

Халқымыздың асыл қасиеттерінің қатарында – қайырымдылық, жомарттық және  кеңпейілділік те бар. Өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу де үлкен азаматтыққа жатады.

«Жанашырлыққа – жан риза» демекші, қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанынан табылып, оларға дер кезінде қол ұшын беру- сауабы мол іс әрі әрбір мұсылманның парызы болып табылады.

Осындай сауапты іске айрықша көңіл бөлген Арқалық шаһарындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымшылдықпен өткізді.

Бұл жолғы қайырымдылық шарасын мешіттің «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды. Онда сауат ашу курсының ұстазы Айнұр Болатқызының басшылығымен мешіт жамағаты мен шәкірттер қолдан жасалған тағамдарын әзірледі. Осы акциядан түскен қаржы әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында  жұмсалады.

Болашақта да мұндай игі мақсаттағы шаралар жалғасын таба беретіндігі сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру