Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйтекеби ауданында имам ауысты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 09.04.2018 3535 0 пікір
Әйтекеби ауданында имам ауысты

Бас Мүфтидің бұйрығымен Әйтекеби ауданына жаңа Бас имам тағайындалды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев жамағатқа жаңадан бас имам Сұңғат Саметов пен наиб имам Дүйсенбек Еренбектің бұйрығын таныстырып, олардың алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Осы уақытқа дейін бас имамдық қызметті атқарып келген Бауыржан Шекпеновке өкілдіктің және барша мешіт жамағаты атынан алғыс білдіріп, қазақы ілтипатпен иығына шапан жапты. Жамағаттағы ақсақалдар да батасын беріп, ақ жол тіледі.

«Астана медресесі» колледжінің түлегі Сұңғат Саметов бұған дейін Әйтекеби аудандық орталық мешіттің наиб имамы қызметін абыроймен атқарып келген болатын. Ал дәл осы діни оқу ордасын тәмамдаған Дүйсенбек Еренбек еңбек жолын енді бастамақ.

Облыстық мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жамағатқа мұсылманның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – жомарттық туралы жұма уағызын жүргізіп, орта жолды ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Дүние-мүлікті жұмсауда асыра ысырапшылдыққа жол бермей, сараңдық қылмай садақа беру туралы айтылды.

Бұдан бөлек ауданның үш бірдей мешітіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Наиб имам аудандық орталық мешіт, Қарабұтақ селолық мешіті мен Белқопа елдімекенінде орналасқан «Құлтас баба» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын қадағалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру