Нұр-Мүбарак университетінің үш бірдей білікті ұстаздары қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми дәрежесіне лайық деп танылды.
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешіміне сай Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, белгілі ғалым Шамшат Әділбаева ханымға қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Бірнеше жыл «Исламтану» кафедрасын басқарып, бүгінде бірыңғай ғылыми еңбектер мен шәкірт тәрбиелеуге бел буған ғалым Шамшат Әділбаева ханымның осы кезге дейін жарыққа шыққан ғылыми еңбектері, мақалалары мен кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленіп келсе, енді министрлік тарапынан да лайықты бағаға ие болды.
Сондай-ақ, елімізге психология саласы бойынша танылып үлгерген, жас ғалым, «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұстазы Әлия Төлегенова ханым да министрлік шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) атағын иеленді. Айта кету керек, 2017 жыл қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленіп, министр Е.Сағадиевтің қолынан марапат алған болатын.
Осындай марапатқа университеттің «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық» кафедра оқытушысы Сұлу Исабаева ханым да ие болды. Сұлу ханым университеттің ақпараттық коммуникациялық технологиялар (ICT) пәні бойынша дәріс береді. Әрі шәкірттері халықаралық деңгейдегі конференция, форумдарда жетістікке жетіп жүрген білікті оқытушы.
Білімді шәкірт тәрбиелу жолында біліктіліктерін арттырып, үнемі өздерін жетілдіріп отыратын, әрі республика көлемінде мойындалып, министрлік тарапынан марапатқа ие болған аяулы ұстаздарды ғылыми дәрежелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алла екі дүниеде мерейлеріңізді үстем еткей!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
09.04.2018
3609
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру