Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті

Нұрлан Саматұлы 09.04.2018 3294 0 пікір
Өкіл имам Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде болып, аймағымыздан білім алып жатқан бітіруші түлектермен кездесіп қайтты. 

Алдымен, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюнимен Еркебұлан Ыбырайымұлы арнайы жүздесіп, ғалым ұстаз университет өмірінің жаңалықтарын айтса, бас имам білім шаңырағынан 5 түлек университетті тәмамдап, үшеуі аудандық мешіттің наиб имамы қызметіне, екеуі облыстық дін істері басқармасының теологы болып орналасатындығын жеткізді.

Аталмыш жоғарғы оқу орнында Ақжайық өңірінен 40  студент тәлім алуда.  Осыған орай, жылдағы үрдіс бойынша облысымыздың бас имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы университет студенттеріне өкілдіктен қаржылай және рухани қолдау көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университетінің биылғы бітіруші түлектерін аймағымызға іс-тәжірибеден өтуге шақырды. Кездесу соңында университет асханасында дастархан жайылып, өңіріміздің бас имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы студенттерге ізгі батасын берді.

Кездесуден кейін Еркебұлан Қарақұлов жатақханада тұрып жатқан студенттермен жеке-жеке танысып, сұхбаттасты. Ақжайық өңірінің ілімді жастарымен бірге естелік суретке түсті.

Асыл дініміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастар. Ал, оларға қолдау көрсетіп отырған өкілдіктің көмегі маңызды екені сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру