Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалықтағы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 06.04.2018 3991 0 пікір
Арқалықтағы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Арқалық қаласында ардагерлер кеңесі мен «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің мұрындық болуымен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын болып өтті. Жиынның негізгі мақсаты - жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке салуды насихаттау, аста-төк ысырапқа жол бермеу жайы.

Ұлттық салт-дәстүр мен діни рәсімдерді сақтаудағы аға буын өкілдерінің рөлі талқыланған жиынға қала әкімдігі, зиялы қауым өкілдері және қалаға қарасты әр ауылдың молдалары мен ақсақалдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық асхана-кафе басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды қала әкімінің орынбасары Т. Әубәкіров жүргізді. Ал бас имам Б.Уәлиев жиынның алға қойған міндеті жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Ақсақалдар алқасы жергілікті мешіт имамдарымен бірлесе отырып, тұрақты түрде жас жеткіншектерге дінмен қатар тәрбиелік мәні бар ұлттық ғұрыптарды да насихаттап, түсіндіріп отыру қажеттігін айтты. Өз дәстүрін білмеген, құрмет тұтпаған жас буын өзінің дінін де ардақ тұта алмай түрлі жат ағымның жетегінде кетіп қалуы мүмкін деген түйінге келді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру