Ережеп айының берекелі бейсенбісінде ауыз бекіткен жамағатқа арналып жасалған дәстүрлі ауызашарға ҚМДБ-ның өңір бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев қатысты. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша «Жастар ісі секторының» үйлестірушісі Қ.Отызбаев «Аср» сүресінің тәпсіріне негізделген уағызында түрлі мәселелерді жан-жақты түсіндіріп берді.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде құптан намазынан кейін жамағатпен бірге хатым Құран оқылып, дұға жасалды. Өңірлік өкіл, орталық мешіттің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы оқылған хатым сауабын күллі мүмін мұсылман марқұмдарға бағыштады. Сонымен қатар, елдің амандығы, халықтың береке-бірлігі үшін дұға етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
06.04.2018
3322
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру