Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өткеннің қазынасы - болашаққа» атты шара өтті. Шараға облысымыздың мәдениет өкілдері, ғалымдар, ЖОО-ның ұстаздары мен студенттері, ардагер ақсақалдар мен апалар және имамдар, дін қызметшілері арнайы келіп қатысты.
Аталмыш шарада Ертіс өңірінің сакралды географиясы картасына зираты енгізілген Кашыр ауданының тумасы Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді. Оның ішінде қолжазбалар, Құран кітабы мен тақиясы бар.
Аталмыш мұражайдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыров: «Жеті жылдан бері ел аралап, Сайділда қажының өмірін зерттеумен айнылысуды қолға алдым.Еліміздің Ұлттық ғылым академиясы, Омбы мұражайлары және Уфа қаласындағы Ғалия медресесімен хат алмасудамыз. Бүгінде Сайділда қажының 16 беттен тұратын шағатай тіліндегі қолжазбасы табылып отыр. Ол қолжазбасында «11 айдың 2-сінде ниет еттім. Халқым - барым, дінім – Алладан» деп жазған екен. Көбінесе уағыздар мен дінді халыққа жеткізу, ауру-сырқаттан арылтатын аяттар туралы жазылған.
Зейнеткер Қонысбай Жүнісовтың айтуынша: «Сайділда қажының кезінде салған мешіті мен медресенің орны Қашыр ауданы Трофимовка ауылының дәл ортасында Карасук бөлімшесіне өтетін жолдан сол жағында орналасқан. Осы жерге үш жарым шақырым жол салып, кесене тұрғызу жоспарда бар».
Ербол Қайыровтың айтуынша, бүгінгі көрмеге қойылған Құран кітабы кезінде мешіт пен медресе салған кезде шыққан өрттен аман қалған. Бұл - жаңа есім. Болашақта зерттеу жұмыстары жалғасын табады. Басты мақсат - осы адамның еңбектерін жарыққа шығара отырып, дініміз бен мәдениетіміз арқылы бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
06.04.2018
3622
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру