Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алатау ауданы жамағатымен жүздесу

Алматы қаласы Орталық мешітінің Баспасөз қызметі 06.04.2018 3539 0 пікір
Алатау ауданы жамағатымен жүздесу

Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек қажы Шоқай Алатау ауданындағы «Мырзахмет» мешітіне арнайы ат басын бұрып, екінті намазынан кейін мешіт жамағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, «Алланың берген нығметтеріне шүкір ете білу» тақырыбында тұщымды насихат айтып, жиналған жамағатты ауызбіршілікке, ұйымшылдық пен ынтымақтыққа шақырды. Сондай-ақ, мешіттің ішкі-сыртқы тыныс-тіршілігімен танысып, Алла үйінің жанынан бой көтеріп жатқан теңбілдоп спорт алаңының құрылыс жұмыстарын аралап, мешіт қызметкерлеріне біршама тапсырмалар берді.

Келесі кезекте Алатау аудандық «Бекет Ата» мешітіне келіп жиналған жамағатқа Ақшам намазынан кейін «Мешіт әдептері және көркем мінез» тақырыбында халықты шын ықылас пен адалдыққа бастар терең мәнді уағыз айтты. Мешіттің арнайы залы жамағатпен толып, уағыз соңында ақсақалдар өз ықыластарымен, ақ баталарын берді.

Бас имам Еркінбек қажы Шоқай сөз соңында Алатау ауданы тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бұл істе жамағаттың ауызбіршілігі ең басты орында екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру