Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: «Шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты шара өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.04.2018 4126 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: «Шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты шара өтті

«Ислам жəне отбасы» жылы аясында Маңғыстаулық келіндер арасында «Шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты шара болып өтті. Бірнеше кезеңдерден тұратын байқауда «Келінмін қазақтың», «Салт-дәстүрлі білесің ба?», «Жолдасымның сүйікті асы», «Ана-көрген тон пішер» атты тақырыптарда сынға түсті.

Байқау барысында арнайы әділқазы мүшелері тағайындалды. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, оқ бойы озық шыққандарға бағалы сыйлықтармен қатар облыс өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбековтың арнайы алғыс хатты табыс етілді.

Дін мен дәстүр үйлесімін тапқан керемет шараға қатысушылар облыстық «Әйелдер-қыздар» секторына дән риза болып, өз алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру