Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семинарға қатысушыларға сертификат табысталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 04.04.2018 3540 0 пікір
Семинарға қатысушыларға сертификат табысталды

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде 26 наурыз бен 4 сәуір аралығында өткізілген 10 күндік семинарда дәріс тыңдап, біліктілігін арттырған аудан-ауыл имам-молдаларына сертификат табыс етілді. Жалпы саны 16 имам-молда қатысқан семинарда фикх, ақида, хадис ілімі, бәләға, мазхабтар тарихы пәндері бойынша дәрістер өткізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы мұсылмандар арасындағы қарама-қайшылық, жат ағымдармен күресу бағытында дәрістер де оқытылды.

«Һибатулла Тарази» медресесінің директоры, облыстың бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы семинарға қатысушы имамдарға сертификат табыстай отырып, бұл жолғы 10 күндік семинардың ерекше өткендігін, имамдардың өткізілген сабақтарды қайталай отырып, білімге деген қызығушылық пен белсенділік танытқандығын және емтихан тапсыру кезінде алған білімдерін барынша қолданғандарын тілге тиек етті. Осы алған білімдерін алдағы уақытта тәжірибе жүзінде қолдануларына тілектес екендігін айтып, сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру