ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының бастамасымен ел азаматтары Семей қалалық Бір мұнаралы «Тас» мешітінде де осындай қайырымдылық іс қолға алынды. Затон, Мирный, Бобровка ықшамауданында үйлері суға кеткен тұрғындарға азық-түлік таратылып, көмек көрсетілді. Қиындық көріп отырған бұл ықшам аудандағы 200 тұрғын Семей қалалық мешіттері тарапынан азық-түлікпен қамтылды. Ең қажетті деген алғашқы заттармен қамту, жаны қысылып отырған ағайынға азық-түлік жеткізіп, олармен әңгімелесу, тығырықтан шығудың жолдарын кеңесу – бұл күннің негізгі мақсаты болды.
Қиындыққа тап болған жамағат осындай кезеңде иманды жандардың шарапатына ие болғандарына аса үлкен ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
04.04.2018
2807
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру