ҚМДБ-ның тапсырмаларын жергілікті аудандарда талқылау, діни басқарма бекіткен төрт құжатты алыс аудандардағы жамағатқа насихаттау, аудан, ауыл мешіттерінің хал жағдайымен танысу мақсатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов Жаңақала аудандық мешітіне арнайы келді. Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сәкенұлы ауданымыздың діни ахуалы, халықтың тыныс тіршілігі, жалпы ауданда жағдайымен таныстырды.
Сапар барысында ауданның имамы Ерік Сұлтанов аудан көлеміндегі атқарылған істерін баяндап, мешіт пен сауат ашу орталығының жай-күйі, имам-молдалардың жұмысын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты. Бас имам бесін намазын жамағатпен бірге оқып, дұға жасады. Жамағатқа уағыз айтып, дін қызметкерлеріне нұсқау-кеңестерін берді. Көпшілікпен пікір алысып, сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында ауданның еңбек ардагерлері мен зейнеткер ақсақалдармен жүздесіп, аудан көлеміндегі асыл дініміздің жанданып жатқандығын тілге тиек етті. Жиналған қауым Бас имамға келелі жиын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
04.04.2018
3308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру