Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Университетте алдын-ала қорғау сынақтары басталды

nmu.kz 04.04.2018 3773 0 пікір
Университетте алдын-ала қорғау сынақтары басталды

Дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінің студенттері, магистранттары арасында ұйқысыз күндер басталды. Бірнеше жылғы диплом, магистрлік зерттеу жұмыстарын  «мемлекеттік комиссия алдында қорғауға дайын ба, жоқ па?» деген сұрақпен алдын ала қорғау жұмыстары өтуде.

Бүгін «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі  PhD, қауымдастырылған профессор Қалмахан  Ержан бастаған ғалымдар тобы магистранттардың диссертациялық жұмыстарын сынға алды. Магистранттардың тақырыптары да сан-салалы: бірі әлемдік діндердегі әйелдер құқықтары, бірі еліміздегі діни ағымдарға қатысты, әдет-ғұрыптың дін негіздеріндегі орны, монотеистік діндер, діндердегі Жаратушы түсінігі т.б. қазіргі еліміз үшін өзекті мәселелердің зерттелу деңгейі бағдарланды. Қосымша қажетті жарыққа шыққан ғылыми мақалалар да тексеруден тыс қалмады.

Комиссия құрамында  ғалым ұстаздар профессор Қайрат Затов, доцент Базар Хамзеева, доцент Жұлдызай Мейір, Мұратхан Махмет мырзалар сарапқа салды. Жақындап қалған қорғау алдындағы бұл сынақ магистранттарға үлкен шыңдалу болғандай. Себебі диссертациялық жұмыстардың жоспарынан бастап, мақсат-міндеттері, зерттелу деңгейі, жаңалығы… барлығы сарапқа түсті. Биылғы қорғауға өткен жылғы сынақтан өтпеген бірнеше магистранттар да зерттеулерін ұсынды.

Бірнеше сағатқа созылған  алдын ала қорғау нәтижесінде магистранттардың жұмысына нақты ескертулер айтылып, толықтырулар мен түзетулер қажеттілігі ескертіліп, алдағы диссертациялық қорғауға сақадай сай болу керектігі ескертілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру