Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен еліміздегі ҚМДБ-ға қарасты барлық мешіттерде өткізіліп жатқан «Ағашты жердің ырысы мол» атты қайырымдылық акциясы аясында Қызылордалық мешіт қызметкерлері мен жанашыр белсенді жамағаттар бірлесіп, облыс мешіттерінің ауласына тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтар болсақ, өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлының қатысуымен Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің ауласына 50 түп жеміс ағашын отырғызумен бастау алған игі шарада «Ерназар Мақсұм» мешіті ауласына 100 түп жеміс ағашы, «Төлен ата» мешіті ауласына 10 түп ағаш, «Қалмұхаммед ишан» мешіті ауласына 70 түп жеміс ағашы, «Ыбырайым молда» мешіті ауласына 7 түп ағаш егілді.
Сондай-ақ, «Ерназар Мақсұм» мешіті Талсуат елдімекеніндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының ауласына 30 түп жеміс ағашын, 70 түп терек ағашын отырғызып берді.
Бүгінде, қарқынды жүріп жатқан, аталмыш акция аясында облыс бойынша 400 түпке жуық тал отырғызылып, әлі де 500 ге жуық тал отырғызу жоспарлануда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
03.04.2018
4192
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру