Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЖЕМНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 03.04.2018 3788 0 пікір
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЖЕМНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде «Әжемнің шеберлік сағаты» атты тағылымды шара өтті. Мешіт ұстаздары Кенжегүл Қошқарова мен Диляром Бектаеваның игі бастамасына «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен қалалық орталық мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері – апа-әжелеріміз атсалысты.

Алғашқы топ жас қыз-келіншектерге жүн түтудің қыр-сырын үйретті. Меруерт әжеміз әуелі жүнді жақсылап жуып, оны тазартып, тарау әдісін түсіндірді. Нұрайша апай киімге ою-өрнек бедерлеуді үйретіп, қазақтың түйетабан, қошқармүйіз, гүл, жапырақ пішіндес оюдың көптеген түрлеріне тоқталды. Тоқыма ісінің тәлімгерлері Гүлшара, Меруерт және Қытай елінен келген қонақ әжеміз түрлі түсті тоқыма жіптерден қалыңдығына қарай бір немесе бірнеше қатар етіп, әр түрлі бұйымдар тоқуды үйретті.

Мешіт ұстазы Диляром Бектаева аталмыш шараға атсалысқан баршасына ризашылығын жеткізіп, қыз тәрбиесі – келешек ұлт тәрбиесі екендігін тілге тиек етті. Ережеп айы ең ізгі амалдарға толы болсын деп тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, ұстаздар «Тәтті көже» сайысын қорытындылады. Жаңылай апайдың көжесі көптің көңілінен шығып, І орынға ие болды. Ал Гүлшара мен Әсия апайлар ІІ және ІІІ орынды иеленді. Барлығына мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан кішігірім сыйлықтар ұсынылды. Қыз-келіншектер өсиеті мен өнегесімен бөліскен апа-әжелеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру