Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: «Аягөзге көмек» қайырымдылық жүгі аттанды

   ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі 02.04.2018 3312 0 пікір
ОҚО: «Аягөзге көмек» қайырымдылық жүгі аттанды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында су тасқыны салдарынан көптеген қандастарымыз үйсіз, жайсыз қалып үлкен қайғыға душар болды. ОҚО өкілдігі су тасқынынан зардап шеккендерге «Аягөзге көмек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. ОҚО облысы бойынша барлық мешіттерде жылу жинайтын пункттер ашылып жұмыс жасады. Акция аясында облыстың кез-келген тұрғыны алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түлікті мешіттерде ашылған пункттерге өткізе алатын жағдай жасалды. ОҚО халқы бұл акцияаға өте жоғары деңгейде өз үлестерін қосып, қолынан келген көмектерін аямай жеткізіп тұрды. Қайырымдылық акциясы барысында азық-түлік, кілем төсеніштер, ыдыс-аяқ, киім-кешек және қаржылай көмек ОҚО орталық мешітіне топтастырылып, жалпы алғанда 17,5 тонна жүкті құрады. Жиналған көмек заттары арнайы жүк көлігіне тиеліп, ОҚО облыстық мешітінен Шығыс Қазақстан облысына аттанды.

                    


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру