Аптаның соңғы күні ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бердімұратов Жолдас облыстық Қаржы полициясы қызметкерлері және облыстық Ішкі істер департаменті қызметшілерімен кездесу жасады. Кездесуге осы мекеме қызметшілері толығымен қатысты.
Аталмыш кездесулерде өкіл имам жат ағым қаупі, одан сақтану жолдары, сонымен қатар жемқорлық пен парақорлық – лағынетке ұшырататын іс, жемқорлыққа жол беру – ұрпақтың болашағына балта шабу секілді тақырыптарды жан-жақты талдап айта келе, екі дүниенің жамандығына апаратын осындай жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырды. Уағызға қатысушылар өкіл имамға көптеген сұрақтар қойып, жауабын алды.
Келесі кезекте өкіл имам Жолдас Қоспақұлы Ақсу қалалық мешітінде болып, мешітке жиналған жамағатқа уағыз айтты. Ақшам мен құптан намазы аралығында айтылған бұл уағызға Ақсу мешітінің 100-ден астам жамағаты қатысты. Уағызда өкіл имам мұсылманның ауызбірлігі, сабырлылығы, төзімділігі, қонақжайлығы, мейіріміділігі қатарлы көптеген жақсы ұғымдарды халқымыздың салт-дәстүрімен ұштастыра айта келіп, жамағатты жақсылықтарға және жақсы істерге жаршы болып, жарысуға үндеді. Уағыз-насихат қызғылықты да тартымды өтіп, жамағат көптеген сауалдар қойып, жауаптарын тыңдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру