Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігіне қарасты, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш орталық мешітінің ұстазы Нарметова Зохраның ұйымдастыруымен " Ұлттың игі тәлімі, дәстүрімен танымды" атты шара өткізілді.
Шараға Сарыағаш ауданы бойынша жеті мешіт ұстаздары шəкірттерімен қатысты. Шараны Сарыағаш орталық мешітінің бас имамы Қалдаров Берік мырза Құран аяттарын оқумен бастап, қатысушыларға сəттілік тілеп, ынтымаққа шақырды. Шəкірттер арасында өзбек, тəжік, түрік ұлттары қатысып өз ұлттық тағамдары мен ұлттық киімдерін дəріптеп, ұмытылып бара жатқан бесікке салу, тұсау кесер, құрсақ шашу сияқты салт-дәстүрден сахналық көріністер қойды. Сарыағаш орталық мешітінің жанынан ашылған "Кəусар" тігін курсының шəкірттері өздері дайындаған заттарымен қуандырды. Осман ибн Аффан жəне Мұстафа Өзтурк мешітінің шəкірттері арасында "хадис ғұрпымыз, сүннет салтымыз " атты хадис сайысы өтті.
Мерекелік шараға ОҚО бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Абиева Еңілік арнайы келіп, жиналған көпшілікке, ұстаздарға өз алғысын білдіріп, шəкірттерге алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен бірге, шара соңында ұстаздар шəкірттерге Алғыс хат табыстады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3164
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру