Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VII Республикалық байқауға» Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Іріктеу сайысы:
- Құранды толық жатқа оқу (30 пара);
- Құранның 20 парасын жатқа оқу;
- Құранның 10 парасын жатқа оқу;
- Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүргізілді.
Әділ қазылар алқасы құрамында орталық «Һибатулла Тарази» мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев, медресе ұстазы Сүлеймен Саид және қари Хусей Абдулла болды. Жарыс кезінде қатысушылардың қырағатына, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне мән берілді.
Сайысқа облыс көлемінен жалпы саны 30 шәкірт қатысты. Сайыс нәтижесі төмендегідей:
«Құранды толық жатқа оқу» номинациясы бойынша:
- 1 - орын: Линтеев Исмаил – 100 000 теңге;
- 2 - орын: Жақсылықов Еркебұлан – 75 000 теңге;
- 3 - орын: Усыров Алим – 50 000 теңге.
«Құранның 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
- 1 - орын: Каримов Абдулкарим - 75 000 теңге;
- 2 - орын: Чиахунов Абдурахман - 50 000 теңге;
- 3 - орын: Цуанфуров Абдулла - 25 000 теңге.
«Құранның 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
- 1 - орын: Сава Шамсудин – 50 000 теңге;
- 2 - орын: Хуров Наил – 30 000 теңге;
- 3 - орын: Хия Муслим – 15 000 теңге.
«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
- 1 - орын: Бектаев Қасымжан – 50 000 теңге;
- 2 - орын: Жұбатқанов Жалғасбай – 30 000 теңге;
- 3 - орын: Жұмабайұлы Зейне - 15 000 теңге иеленді.
Бұдан бөлек ерекше қабілетімен көзге түскен басқа да қатысушыларға 5000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары беріліп, мадақтамалармен марапатталды. Айтулы додаға қатысуға келген барлық шәкірттерге облыс имамы Данияр қажы алғысын айтып, жеңімпаздарды құттықтай келе:



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
4347
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру