Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Өскемен қаласындағы мешіттер бірлесіп «Қайырымдылық жасауға асығайық!» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара Өскемен орталық мешітінде болып өтті.
Шара барысында тұрмысы төмен 70-тен астам отбасыға азық-түлік пен киім-кешек, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы көмекке зәру, науқас жеткіншек Л.Абдиеваны емдетуге 90 мың теңге көлемінде қаражат ұсынылды.
«Біз мұқтаж отбасыларды осы шарада қамтып отырмыз. Қайырымдылық көмегін ай сайын тұрақты түрде жасап келеміз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар әр кез біздің басты назарымызда» деп атап өтті, шара барысында қайырымдылық көмегін ұйымдастырушылар.
Көмек алған отбасылар қалалық мешіттерге алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру