ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің жанынан отбасылық мәселелерге байланысты «Кеңес беру орталығы» ашылды. Ашылған күннен бастап-ақ, отбасы түйткілдерімен бірнеше жанұя орталық кеңесіне жүгінді. Келген отбасыларды «Қос мұнаралы» мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы қабылдап, шариғи тұрғыда кеңестер берді.
Орталықтың мақсаты — білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу арқылы, ұлтымыздың болашағы – отбасы бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылады.
Өңіріміздің кез келген тұрғыны отбасылық бақытын баянды ету мақсатында орталыққа келіп көкейтесті сұрақтарына жауап алып, туындаған түрлі мәселерінің түйінін шешу үшін білікті мамандардың қызметіне жүгіне алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3289
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру