Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жақсы үрдіс – «Сауал сағаты» қолға алынды. Бастамадағы басты мақсат – жамағатпен жақынырақ танысып, олардың сауалдарына жауап беру, ұсыныс-тілектерін тыңдау, мешітке жаңа қадам басып келген бауырларымызға дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады.
Мұнда мешіт имамдары жұма намазынан кейін жамағатқа қысқа уақыт уағыз-насихат жүргізеді. Кейін жамағат сауалына жауап беріледі.
Осымен 3-ші мәрте өтіп жатқан сабаққа 70-ке жуық жамағат қатысып, олардың 30 сұрағы тыңдалды. Сауалдар мазмұны дәрет алу, намаз оқу тәртібі, намаздағы қателіктер, жолаушы намазы, зекет, ораза секілді құлшылық бабы төңірегінде. Сондай-ақ, неке, отбасы мәселелері де қатар қамтылуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3046
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру