Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Дәстүріміз дәріптелді

ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 02.04.2018 3216 0 пікір
Талдықорған: Дәстүріміз дәріптелді

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық «Ақ мешіт» ауласында "Дін мен дəстүр- егіз ұғым" атты шара өтті.

Аталмыш шара Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының құттықтау сөзімен ашылып, ақжарма тілектер айтылды.

Шара барысында баланы бесікке бөлеу, азан шақырып ат қою, тұсау кесер, қыз ұзату сынды тағы да басқа жоралғылар дəріптеліп, алтыбақан, аударыспақ, арқан тартыс, қол күресі, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды. Қасиетті жұма намазына келген мешіт жамағаты өкіл имам Ардақ қажы Нүсіпханұлының тартымды да тәрбиелі уағызын тыңдап, елімізге, жерімізге, отанымызға дұға жасалды.

Атқарылған шараның мақсаты – шариғатымыздың шеңберінен шықпайтын, салт-дəстүрімізді дәріптеп, әдеп-ғұрып сынды құнды жәдігерімізді болашақ ұрпаққа аманатпен жеткізу екенін сезіндіру.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру