Қазақстан мұсымандары діни басқармасы 2018 жылды "Ислам және отбасы" жылы деп жариялаған болатын. Аталмыш жоба аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы іске қосылды. Мұндағы мақсат - отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, жанұя төңірегінде туындайтын мәселелерге жауап беру, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру.
Орталықта мешіт имамдары мен әйел ұстаздары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, келушілерге отбасы мәселелеріне қатысты кеңес береді. Соның ішінде, неке үкімі, талақ айтудың әдебі, жанұядағы ер мен әйелдің міндеттері, жүктілік, бала тәрбиесі, т.б. тақырыптар төңірегінде сауалдар қойылуда.
Орталық мамандары тұрғындарды әр аптаның бейсенбі мен жексенбі күндері аралығында, сағат 10.00-19.00-ге дейін қабылдайды. Кеңес беру - тегін.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
02.04.2018
3085
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру