Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөрлі ауданындағы бір күндік іс-сапар

 Нұрлан Саматұлы 02.04.2018 3269 0 пікір
Бөрлі ауданындағы бір күндік іс-сапар

Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Бөрлі ауданы, Ақсай қаласына іс-сапармен келді. Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов қарсы алып аудандық «Бөрлі» мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлының жұмысына оң баға берді. Бас имамның жаңа қызметімен құттықтап, имандылық жолына бірлік пен берекені тіледі. Бас  имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Бөрлі аудандық мешітіне бас сұқты. Оны бас имам Мейрамбек Абдрахманов қарсы алып, мешіттің хал жағдайымен, мешіт ұжымымен таныстырды. Еркебұлан Ыбырайымұлы «Тілдің кесапаты» атты тақырыбы жайында уағыз айтып, елімізге берекет, тыныштық тілеп, жұма намазын жамағатпен оқыды.  Мешіттің жамағаты Темірболат қажы ақбатасын берді.

Бас имам биылғы жылғы келе жатқан Рамазан айының қарсаңындағы жоспарымен бөлісіп, аудандық «Бөрлі» мешітінде Рамазан айы жоғары деңгейде ұйымдастырылатына сенім білдірді.

Одан кейін бас имам «Ақсай» техникалық колледжінде жастармен кездесу өткізді. Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы Қанат Жакенов арнайы келген қонақтарды таныстырды. «Білім және жастар» жайында ғибратты әңгіме айтып, жалынды жастардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында облыс орталық мешітінің бас имамы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Кездесуден соң облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы «Ақсай ҒМ» радиосының қонағы болып, артынша Бөрлі ауылдық мешітіне келді. Ауыл мешітінің имамы Қазыбек Сидалиев атқарып жатқан істеріне есеп беріп, қазіргі уақытта мешіттің ішкі құрылыстарына жөнделіп, Рамазан айына дайындалып жатқандығын жеткізді.

Бас имам мешіт жамағатымен кездесіп, жиналғандарға «Бірлік» тақырыбында уағыз айтып, екінті намазын жамағатпен оқыды.

Аудан имамы мен ауыл имамына нақты міндеттер жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру