Алматы Орталық мешітінде тәлім алып жатқан шәкірттерден құралған «Райхан» инабатты бойжеткендер мектебінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесі ауқымды түрде атап өтілді. Мерекеге көненің көзі, салт-дәстүр жыршысы болған «Асыл әжелер» мектебі қонаққа шақырылды.
Шарада ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі, Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қажы Шоқай жамағатқа наурыз мерекесінің мән-мағынасын және дін мен дәстүрдің біте қайнасқан тұстарын айта келе, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Қазақ халқы қашанда жақсыны көрсе, сол адамдай ізгі жан болсын деп батасын алуға тырысқан. Сол ниетпен мешітіміздің бас имамы Еркінбек қариға екі сәбидің тұсауын кестіріп, батасын алды. Аналары кәдесый ретінде иығына шапан жауып, ризашылығын білдірді.
Кеш соңында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты басшысы Ахметова Маржанқыз дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, тұшымды уағыз-насихат айттып, кешті қортындылады. Сонымен қатар, келген ұстаздар мен қонақтарға сый-сыйапаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
31.03.2018
4108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру