Наурыз айының басында Аягөздегі алапат су тасқыны болған күннің ертеңінде-ақ, ҚМДБ-нан еліміздегі барлық мешіттерге апатқа ұшыраған ағайынға барынша қайыр қылу туралы тапсырма берілген еді.
ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі осы тапсырмаға сәйкес, әрі мұсылмандық және адамгершілік парызы ретінде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Ертіс-Павлодар жәрдемі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын. Осы акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлікпен, киім-кешек жиналып су тасқынынан зардап шегіп отырған ауылдарға жеткізіп беруге дайын болған еді.
30 наурыз, қасиетті жұма күні қайырымдылық керуенін «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің Бас имамы Бердімұратов Жолдас Қоспақұлы бата беріп, жолға шығарып салды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
30.03.2018
3009
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру