Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде әлеуметтік баспана жобасы талқыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 30.03.2018 3306 0 пікір
Ақтөбеде әлеуметтік баспана жобасы талқыланды

Бүгін Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай мен қала әкімі Ілияс Испановпен кездесті. Кездесуде Ақтөбеде әлеуметтік баспана салу мәселесі талқыланды.

Қор президенті Қайрат Айтбайдың айтуынша, алдағы уақытта Ақтөбеде қордың маңызды жобаларының бірі жүзеге асырылмақ. Бұл – әлеуметтік баспана салу жобасы. Оның аясында, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ, діни бірлестікте қызмет ететін, пәтерге мұқтаж жандар қызметтік баспанамен қамтылатын болады. Қала әкімі Ілияс Испанов қазіргі уақытта қалада 5 діни қызметкердің қызметтік баспанамен қамтамасыз етіліп отырғанын тілге тиек етті. Аталмыш жобаның сәтті жүзеге асуы – ақтөбеліктер үшін өте үлкен мүмкіндік, қолдау екендігін, сондай-ақ, өзге облыстан қызметке жіберілген және жергілікті азаматтар үшін де стимул болады деген ой-пікірін жеткізді.

Өкіл имам Төлеби Оспан бүгінде ақтөбелік 24 имамға қор тарапынан қайырымдылық көмек төленіп жатқандығын айтып, Елбасы бастамасымен құрылған қор ұжымына ерекше алғысын білдірді. Әлеуметтік баспана жобасының өңірде сырттан келген білікті діни кадрларды, жергілікті мамандарды да тұрақтандыруға, сондай-ақ, жанадан мамандар тартуға оң ықпалын тигізетіндігіне сенім білдірді. Жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру