Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт жамағатының бірлігін арттыру мақсатында әр аптаның бейсенбі күні тұрақты түрде дастарқан жайып, ауызашар жасау дәстүрге айналған еді.
Бұл жолы да, мешіт жанындағы асханада Ережеп айының құрметіне жайылған дастарқан басында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан және Рамазан» тақырыбында уағыз айтып, сауаптар еселенетін құлшылық айларының қадір-қасиетін түсіндірді.
Ауызашарға қатысқан жамағат тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан игі шара үшін мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
30.03.2018
3525
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру