Алматы қаласы, Әбу Ханифа медресе колледжінің шәкірттері мен ұстазы Береке Исабеков Талғар қаласындағы «Нұр» жекеменшік жанұялық балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Бұл үйде 20 жыл ішінде 700-ден астам бала тәрбиеленіп шыққан. “Нұр” балалар үйінде қазіргі таңда 55 тәрбиеленуші бар. Олардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Барлығының жүрегіне жол таба білу, оларға туысқандықтың нышанын ояту үлкен еңбекті қажет етеді. Не десек те, жетімнің бойында жасықтықтың болары сөзсіз. Жастайынан әке-шешенің құшағынсыз өскен бүлдіршіндерге бір ғана жанның емес, қоғамның қолдауы қажет. Үйге қонақ келсе, кез келген бала қуанады. Ал балалар үйінің тәрбиеленушілері сол қонақты ерекше асыға күтеді. Бұл кездесу студенттерімізге де өзгеше әсер етті. Балалар да қуанып, олармен түрлі ойындар ұйымдастырып, арнайы дайындап әкелген сыйлықтарын сыйлады.
Әр адам балалар үйіне барып тұруы тиіс. Себебі бұл жерден әркім іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза сәбилерге қарап, олардың кіршіксіз көңілдерінен жаныңызға жайлылық сыйлайсыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
30.03.2018
3548
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру