Өткен жылы бастау алған ауыл молдаларын дайындау курсы биыл да жалғасын тапты. Курс 2 айға жоспарланған. Кеше өкіл имам Төлеби Оспан «Ақтөбе медресесі» колледжінде болып, курсқа қатысушылармен сұхбаттасып қайтты.
2 айлық курста бүгінде 12 үміткер оқып жатыр. Оларға медресе ұстаздары аптасына 6 күн Құран, Иман шарттары, Ислам ғылымхалы, Ислам тарихы секілді пәндерден сабақ беруде. Қатысушылар жатақхана және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Оқу ақысы да – тегін.
Өкіл имам Төлеби Оспан аталмыш курсты қолға алудағы басты мақсат - имамы жоқ немесе діни маман тұрақтамайтын шалғайдағы ауылдарға имам-молда дайындау екендігін айтты. Діни қызметтің зор жауапкершілік жүктейтіндігін ескере отырып, қатысушылардан курс бағдарламасын меңгеруде мұқияттылық танытуларын сұрады. Қатысушы курсты толық меңгерген жағдайда кейін ауыл мешіттеріне молда болып тағайындалып, қызметтік баспана, тұрақты жалақымен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, діни білімін тегін жетілдіру мүмкіндігіне ие болатындықтары айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
30.03.2018
3454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру