Павлодар қаласындағы «Жастар орталығы» ғимаратында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, облыстық «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Тарих және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият-бірыңғай болашақ ұлтының платформасы» тақырыбына облыс дінтанушыларының II форумын ұйымдастырды. Форумға облыстағы мектептердің дінтанушы мұғалімдері толығымен қатысты.
Форумның негізгі мақсаты тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, зайырлы мемлекеттің мәні мен ерекшелігін және оның іргелі қағидаттарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дамуындағы және гүлденуіндегі рухани құндылықтардың рөлін түсіндіру, осы арқылы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні оқытушыларының білім деңгейін арттыру, дәстүрлі дін иелері мен діни қауымдастық арасында өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастықты нығайту»,-дейді облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.
Аталмыш форумға қатысқан өкіл имам Жолдас Қоспақұлы «Ислам дініндегі зайырлылық ұғымы» тақырыбында баяндама жасады.
Форум өз жұмысын жалғастыруда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
29.03.2018
2974
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру