Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам Ақжайық ауданында

Нұрлан Саматұлы 29.03.2018 3180 0 пікір
Бас имам Ақжайық ауданында

Бүгін Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұловты қарсы алып, аудан көлеміндегі атқарылған діни ахуалды баяндады. Еркебұлан Ыбырайымұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы аудан орталығындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебіндегі «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің тоғысуы» атты шараға қатысып, облысымыздың рухани өміріндегі игі бетбұрыстар мен діни сауаттылықты жетілдіруге байланысты шараларды айтып, дін мен дәстүрдің егіз ұғым екендігін кеңінен жеткізді.

Жиылған қауым бас имамға сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Шараға аудан әкімі, ардагерлер, журналисттер, мектеп ұстаздары қатысты.

Кездесуден кейін аудандық мешітке арнайы барып, жиылғандарға ауызбіршілік, ынтымақ тақырыбында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды. Ақжайық аудандық мешіттің  бас имамы Ерлан Бауыржанұлы облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлына болашақта атқарылатын жұмыстарын, Алла үйінің тұрмыс-тіршілігін айтып, ішін аралап, имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, рухани, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі жайында кеңінен түсіндіріп берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру