ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Шоқай Жетісу ауданындағы бірқатар мешіттерді аралап, жамағатпен жүздесті.
Атап айтқанда, «Али-Мұхаммед» мешітінде екінті намазының алдында «ауызбіршілік» тақырыбында уағыз айтып, тыныштық пен татулықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мешіт аумағында орналасқан медресе, спорт алаңы, бау-бақша, асхана сынды ел игілігі үшін қызмет етіп тұрған нысандарды аралады.
Кейінгі кезекте, аудандық «Әл-Мадина» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас имам ақшам, құптан намаздарын өткізіп, екі аралықта жиналған жұртшылық пен «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттеріне «Ықылас» тақырыбында уағыз айтып, білім алу жолында қажетті әрі пайдалы кеңестерімен бөлісті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
28.03.2018
3260
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру