«Ислам және отбасы жылы» аясында және дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсету ниетімен Семей өңірі бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінде «Қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы өтті.
Шараның мақсаты асыл дініміз бен қазақи дәстүрімізді насихаттап, жас келіндерге үлгі көрсету. Сайыс келіндеріміздің білімі мен қабілетін айшықтайтын бірнеше кезеңнен тұрды. Сол кезеңдерден өту барысында әжелерден құралған әділ қазылар келіндерге өз бағаларын беріп отырды.
Сайыс соңында қатысушыларға ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының атынан түрлі номинациядағы алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
27.03.2018
3833
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру