23 наурызда Қостанай облысының жұртшылығына аса маңызды болған конференция болып өтті.
Аталмыш шараның негізгі тақырыбы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жақында жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптағы көтерілген мәселелер болатын.
Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы:
Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов та жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көтерілген тақырыптың аса қажеттілігін тілге тиек етті.
Сөз алған Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып баяндамасының соңында «Қозғалып отырған тақырып маңызды, оның жалпы мұсылман қауымына берері мол»- деп тамамдады.
Осы орайда Арқалық қаласының құрметті азаматы Мираш қажы, Алтынсарин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек Карбенұлы, Ұзынкөл ауданынан Кенесары Омарұлы көтерілген мәсеге байланысты ойларын салып, ұсыныстарын айтты.
Осылайша Конференцияның соңында Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қозғалған тақырып аясында көпішіліктің ұсынысымен «Жаназа және жерлеу кезіндегі шектеулер», «Ас мәзірі» және «Бейіт салу» шешімін жариялады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
27.03.2018
3806
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру