Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлы ОҚО облыстық орталық мешіт жанынан имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсын ашып, алғашқы дәрісті оқыды. Бас мүфти дін қызметкерлеріне заман талаптарына сай жан-жақты болу керектігін баса айтты. Имам әмбебап ілімді, тәжірбиесімен елдің көңілінен шыға білуі керектігін ескере отырып, қиын жерден қиыстыра білу керектігін шегелеп айтты. Дін тазалығын сақтай отырып, амал ететін болсақ, онда діндарлардың абыройы асқақтай береді деп ойын түйіндеді.
Діни қызметкердің білімдерін кәсіби қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру семинар сабақтары 2 апталық курстардан тұрады. Бұл курстар өзекті болған тақырыптарды қамтиды. Атап айтсақ, сенім (ақида), қазіргі фиқһ мәселелері, талас-тартыс мәселелері, шешендік өнер, діни рәсімдер, салт-дәстүр, діни қызметкердің этикасы, хадис мәтіні және түсінігі, Құран ілімі бойынша сабақтар жүргізіледі. Семинар курстарында сабақ жүргізетін ұстаздар құрамы әлемге әйгілі «Аль-Азхар» университетінің түлектері, «Хасеки» университетінің түлектері және «Нұр-мубарак» университетінің магистрлері. Алдағы уақытта ОҚО бойынша барша діни қызметкерлердің осы діни білім сатысынан өтулері көзделіп отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
27.03.2018
4188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру