ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы алаңда ұлттық мерекеміз - Наурыз облыстық деңгейде аталып өтті.
Аталмыш шарада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы барша халықты төл мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа береке-бірлік, ырыс-ынтымақ тіледі.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ұлттық нақышта аталып өткен облыстық Наурыз мерекесінде жиналған қауым арасынан ерлер жамағаты «қазақша күрес», «қол күрес», «арқан тартыс», «гір көтеру» спорттық ойындарынан сынға түсіп, жүлделі орын алған қатысушылар өкіл имам атынан мақтау қағаздар мен қаржылай сыйақымен марапатталды.
Сондай-ақ, ұлттық нақышта безендірілген қазақ үйлердің бірінде Қызылорда облысы бойынша «әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Файзуллина Марал Темірбекқызының ұйымдастыруымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті әйел шәкірттерінің қатысуымен дәстүріміз дәріптеліп, тұсаукесер рәсімі өтіп, қариялар батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
26.03.2018
3345
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру