Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам бас прокурормен кездесті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 26.03.2018 3183 0 пікір
Өкіл имам бас прокурормен кездесті

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Павлодар облысының бас прокуроры Әбдіханов Қайрат Әлиханұлымен кездесті.

Кездесуде өкіл имам, өңірде діни ахуал тұрақты екендігін айта келе:

«Азаматтарды теріс ағымдарға кетіп қалуының алдын алу мақсатында және білместікпен жат сенімге ергенді тәрбиелеу бойынша жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша үздіксіз жүргізіледі. Ал қазір біздің негізгі мақсатымыз – жалпы халықты діннен хабары жоқ адамдармен емес, керісінше дінге бет бұрған, намаз оқып жүрген, қызығушылығы бар адамдармен жұмыс жасауды күшейттік. Одан бөлек, бізде әлеуметтік желілер дамыған уақыт. Соның ішінде whatsapp желісіне көп күш салып отырмыз. Кез келген сұрағына сол сәтте дұрыс жауап алуға мол мүмкіндік жасауға тырысып отырмыз. Тек қана уағыз насихатпен шектелмей, қайырымдылық жұмысына, спорттық, мәдени шараға да қатыстырып отырмыз»,-деді.  

Өз кезегінде облыстың бас прокуроры Қайрат Әлиханұлы Елбасының кез келген жиында шегелеп тұрып айтып, ескертуінің нәтижесінде бұл мәселемен тек имамдар ғана айналыспай қазір бүкіл қоғам, билік, құқықтық органдар бірлесіп қолға алғалы оң ықпалы байқалуда екенін айтты.

Алдағы уақыттарда да осы бағытта бірлесіп жұмыс атқаруға уәделесті. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру