Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстік Қазақстанның өкілдері Нұр-Мүбарактағы аймақтық студенттермен кездесті

Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 26.03.2018 3212 0 пікір
Оңтүстік Қазақстанның өкілдері Нұр-Мүбарактағы аймақтық студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдері Нұр-Мүбарак университетіне келді. Өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтанберді мен Шымкент медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай оңтүстіктің студенттерінің басын қосып, аймақтағы ахуалмен таныстырып, білікті мамандардың қажеттігін алға тартты.

Қазір елімізде үш мыңға жуық мешіт болса, соның 824-і Оңтүстік Қазақстан облысында. Халық тығыз орналасқандықтан, білікті, жоғары білімді мамандар аса қажет. Сондықтан өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев мырза жоғары білімді мамандарды, Нұр-Мүбарак университетінің тәжірибелі түлектерін аудандық, орталық мешіттерге бас имам етіп тағайындауда. Имамдардың әлеуметтік жағдайына «Уақыф» корпоративтік қорынан 97 имамға көмек көрсетіле бастады,-деді Мұсабек Ақтанберді сөз барысында.

Сондай-ақ, Республикалық медресе-колледжаралық олимпиадада алтын кубокті иеленген Шымкент медресесінің директоры Талғат Әсембай да болашақ түлектер арасынан ұстаздыққа, әсіресе әйелдер бөлімдеріне  шақырды. Осыған дейін университет түлектерін имамдыққа, түрлі әкімшілік саладағы теолог маманы болуға шақырып келсе, медресеге ұстаздыққа алғаш рет арнайы ұсыныс жасалуда.    

Дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінде ОҚО-нан 200-дей шәкірт білім алуда. Мұсабек Ақтанберді университет түлектері тек имамдық салаға ғана емес, түзету мекемелері, департамент, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, ұлттық қауіпсіздік комитеттеріне сұраныс артуда. Ел арасындағы жат ағым жетегіндегілермен күресуде жоғары білімді мамандардың мерейі үстем түсуде. Осындай жағдайларды алға тартқан шымкенттік өкілдер болашақ түлектерді оңтүстік өңірге қызмет етуге шақырды.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру